Өскеменде көлік жүргізушіері Арбат демалыс орнына кіріп кеткен

510
көрілім

Полиция кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Buqara.kz тілшісі.

Арбат – қаладағы ең әдемі жерлердің бірі. Алайда ол жерде тәртіп бұзушылар кездесіп қалады. Әлеуметтік желілерде жүргізушілер автокөлікпен Арбат демалыс орнына кіріп кеткен бейне жазбалар пайда болды.

- Полиция қызметкерлері жүргізушілерді анықтап, ҚР Қылмыстық Кодекстің 596-бабы 2-бөлігі бойынша (көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.