Өскеменде көлікпен суға құлаған екі адамның өлі денесі табылды

564
көрілім
Кеше Өскемен қаласындағы Меновное ауылдық округінде жоғалып кеткен екі адамның мәйіті су астынан табылды. Автокөліктің қалайша суға түсіп кеткені әзірге анықталу үстінде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Геросимовка ауылынан 4 шақырымдай жерде орналасқан Меновное ауылдық округінде құтқарушылар «Лада Гранта» көлігімен суға құлап көз жұмған екі адамның өлі денелерін тапты. Оларды іздестіру шараларының жүргізіліп жатқанына бірнеше күн өткен болатын. Бақташылардың бірі жасанды су қоймасынан қалтиған көлік шатырын көріп қалып, хабар бергеннен соң, құтқарушылар оқиға орнына бірден жеткен

– Су қоймасының тереңдігі 2-3 метр. Біздің мамандар суға батқан көліктен екі ер азаматтың денесін алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, 4 адам ащы судан ұрттап, оның екеуі үйлеріне қайтып кеткен. Дәл осы екеуі достарының жоғалғандығын айтып дабыл қаққан. Ал қалып қойған екі азаматтың қалай суға құлағандығын әр түрлі болжауға болады. Мүмкін көлікпен қатты жүріп келе жатып дер кезінде бұрыла алмай өрден құлаған, – дейді сүңгуір-құтқарушылар бөлімінің басшысы Андрей Лисянский.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ