Жол ақысын трамвай жүргізушілері қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Соңғы кездері Өскемен тұрғындары кондукторы жоқ трамвайлардың жүретінін байқай бастаған. Бірақ жол ақысын төлеуге арналған тиісті белгілер мен электронды есепшот қойылған, ал егер қолма-қол ақшамен есептескіңіз келсе жол ақысын жүргізушіге бересіз.
- Трамвайлар кондукторсыз жұмысын 2 шілдеден бері атқаруда. Кондукторы жоқ вагондардағы төлемді жүргізушілер қабылдайды. Жүргізушілер кіріс жинағаны үшін қосымша ақы алады, - дейді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка. – Біз ешкімді әдейі жұмыстан шығармаймыз. Жұмысшылар тапшылығы болған соң, жағдайды осылай оңтайластырудамыз.
Жауапты электронды билеттің өзі кондуктор қызметін талап етпейтінін де атап өтті.
- Электронды билет жүйесі кондукторсыз жұмыс істейтіні барлығымызға мәлім. Ал егер жолаушы кіріп, карта немесе QR код арқылы жол ақысын өзі төлесе, кондуктордың қажеті қанша? – деді көлік компаниясының директоры. - Сонымен қатар жалпы жолаушылардың 25 пайызы ғана қолма-қол ақшамен жүреді, бұл дегеніміз аз. Қолма-қол жол ақысына арналған бір көлік күні бойы 100-ге жуық адамды тасымалдайды. Сонда бір рейске 10 адамнан аспайды екен.
Тағы бір сөзінде жұмыс күндері трамвай желілерінде кондукторсыз үш-төрт вагон жұмыс істейтінін, демалыс және мереке күндері одан көбірек болатынын айтты. Себебі кондукторлардың көпшілігі демалыста болатын көрінеді.