Өскеменде көп қабатты үйлердегі ондаған жеделсатылар ауыстыруды қажет етеді

461
көрілім

Шенеуніктердің айтуынша, жабдықты толық ауыстыру мен жеделсатыларды күрделі жөндеуден өткізу 15 миллионнан 18 миллион теңгеге дейін қаржы қажет, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы 230 көппәтерлі үйге 650 жеделсаты орнатылған, оның 616-сы тұрғындар игілігіне арналған.

- Қазіргі уақытта 67 жеделсаты жөндеуді қажет етеді. Олардың 18-іне жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, бірақ жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінбеді, - дейді Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Нұржан Жапбаров.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде 2007-2017 жылдары 172 жеделсаты коммуналдық меншікке беріліп, 105-і жөндеуден өткен.