Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

569
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қаласында өрт шыққан көпқабатты тұрғын үйден 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шыңыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында Бурова көшесіндегі көпқабатты үйде қызыл жалын шыққан. Тілсіз жау бірінші қабат балпалдағындағы электрқалқанды шарпыды. Оқиға орнына келіп жеткен №6 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері ең алдымен тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылар түтін басқан подъезден 30 тұрғынды, оның ішінде бес баланы сыртқа шығарған.
– Жалпы аумағы 0,5 шаршы метрді құраған өрт сағат 23:20-да сөндірілді. Электр есептегішінің пластикалық бөлшектері жанған. Зардап шеккендер болған жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
 Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін.