Үйдің бесінші қабатындағы пәтердің бірі өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бесінші қабаттағы пәтерден шыққан. Жалпы алаңы 4 шаршы метр аумақта жиһаз бен тоңазытқыш жанып кеткен.
– Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетті. Ыс тиген көрші пәтердегі екі адам қауіпсіз жерге жеткізіліп, қалған пәтер тұрғындары өз еркімен алаңға шыққан, – деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаменті.
Түтін басқан подъездегі пәтерлердің бірінде мүмкіндігі шектеулі әйел болған. Оны медицина қызметкерлері тексеріп, денсаулығы тұрақты екендігін анықтады.
Өрттің шығу себебі анықталуда.