Өскеменде көпқабатты үйдің шатырына бұлғын қоныстанды

453
көрілім
Фото: transotdel.ru сайтынан

Түз тағысы Крылов көшесіндегі көпқабатты үйдің шатырынан байқалып, көпшілікті таң қалдырды деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Тұрғындар бұл аңның осы жерді бұрыннан бері мекендейтінін айтқан. Бірақ мен оны жақында ғана байқадым. Біз оны сусар деп ойладық. Ол ағаштан-ағашқа ептілікпен өрмелеп, тышқан мен құсты аулайды, - деді сол үйдің тұрғыны Андрей есімді жігіт.
Расымен де видеоға түскен жануар сусар емес, бұлғын болып шықты. Бұл туралы С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Константин Прокопов айтты.
- ШҚО-да кездесетін тас сусар, бұлғын, борсық, өзен қаракөзі және басқа да аңдар мүстелидтер тұқымдасына жатады. Кейде қалалардың шет аумақтарында дала күзендері, тіпті борсықтар да байқалады, - деді профессор.