Өскеменде көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

407
көрілім

Өрт пәтерлердің бірінде ақауы бар үтіктен шыққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін сағат 11:15-те Қазақстан көшесіндегі тұрғын үйде болған. Отқа орынған аумақ төрт шаршы метр. Алайда барлық тұрғындар үшін үлкен қауіп төнген.
– Қатты түтіннің әсерінен құтқарушылар тоғыз адамға көмектесті. Оның ішінде төртеуі бала. Өрт себебі тоқ көзіне қосулы қалған үтіктен болды, – деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.