Облыс орталығындағы Неке сарайы 22 сәуірден бастап жұмысын бастайды. Сән-салтанаты жарасқан тамаша сарайда некелерін қидыруға ниет білдірген күйеу жігіт пен қалыңдық кезегі қазірдің өзінде қазан айына дейін белгіленіп қойған.
Неке сарайының жертөле қабатымен қосқандағы барлық төрт қабатында үйлену тойы және зергерлік салондар, күйеу жігіт пен қалыңдықты салтанатты рәсімге дайындайтын бөлмелер, қызметшілер кабинеттері орналасады. Сондай-ақ, мұнда 500 орындық зияпат залы болады, алайда ғимарат тек жас жұбайларға ғана емес, қала тұрғындарына да қызмет етеді. Атап айтсақ, мұнда күнделікті мейрамхана мен караоке-бар және жертөле қабатындағы vip-аумақтар келушілерге заманға сай талғамда қызмет көрсететін болады.
Ерлен Османов