Өскеменде қоршау арасына қыстырылып қалған қыз құтқарылды

330
көрілім

Қыздың шығуына төтенше жағдай қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ТЖБ мамандарының айтуынша, оқиға Крылова көшесі, 70 мекенжайы маңында орын алған. Ғимараттың сырты төбесінде өткір ұшы бар қоршаумен қоршалған. 16 жастағы қыз бала аттап өтпек болып, қыстырылып қалған. Онымен қоса, қолын да жарақаттады.
– Құтқарушыларға жасөспірімді түсіру үшін қоршаудың бір бөлігін арнайы құрылғымен кесуге тура келді. Болған соң қызды жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды  Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.