Бүгін облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Серік Жеңісов белсенді жастардың пікірін тыңдап, олардың кейбірін жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, алдымен қоғамға пайдасы бар креативті идеяларды ұсынған жастардың жобалары тыңдаудан өтеді. Мемлекет тарапынан қолдау табуы әбден ықтимал.
- Бүгінгі жиында әртүрлі идея қарастырылды. Оның ішінде, тазалық, эко-жүйе мәселесі көтерілді. Халықты қоқыс лақтырудан арылту үшін әртүрлі шара қолданып, бейнебақылау орнатудың қажеттілігі айтылды, - деді әкімдік өкілдері.
Жастардың рухани мәдениетін жетілдіру үшін түрлі жиын өткізу керектігі ескерілді. Оның ішінде, дебаттар, куиз ойындары, қазақ тілін дамытатын үйірмелер және тағы басқа идеялар ұсынылды.
Өз идеясын ортаға салып, келешек өмірдің жарқын көрінісін елестеткен креативті жастар М.Горький көшесі, 48 мекенжайына барып өз жобасын таныстыра алады.