Өскеменде құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында іс-шара өтті

939
көрілім

Өскемен гарнизонының әскери бөлімдерінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. 

Бұл туралы Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе  бөлімшесінің офицері, әділет аға лейтенанты Ғани Нұрғаламбаев мәлім етті.  
Шара көбінесе лекция, сұхбат, жиналыс және дөңгелек үстел түрінде өтеді екен.
- Шараның мақсаты - қоғамдық тәртіп пен діни сеніміне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұйрықтарды орындамай әскери қызметтен жалтару, сонымен бірге, әскери қызметшылердің бір-бірін балағаттауына жол бермеу, - дейді Ғани Нұрғаламбаев.