Өскеменде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

548
көрілім

Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері, әділет аға лейтенанты Гани Нұрғаламбаев құқық қорғау органдарын тарта отырып, әскери ұжымдарда әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Армияда қылмысқа орын жоқ» 2017-2023 жылдарға арналған бағдарламасын және «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2020-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында жиын өткізді.
Жиын барысында «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік», «Мас жүргізуші қылмыскер» акцияларын ұйымдастырылды. Мұнда спирттік ішімдіктерді тұтынудың зиянды салдарымен, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік құралдарын басқару жолымен, ЖКО орындарымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген әскери қызметшілер, әкімшілік соттардың әскери қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулылары жеткізілді.                    
Сонымен қатар, Гани Нұрғаламбаев Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарының талаптарын жеткізіп, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу-алдын алу бойынша нөлдік төзімділікке шақырды.