Өскеменде күннің жылынуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еріп жатыр

259
көрілім
Фото:pavon.kz сайтынан

Синоптиктердің болжауынша, ауа райының жылынуы бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Желтоқсанның 28-і күні қала көшелерінде үлкен шалшықтар пайда болды. Коммуналдық қызметтер оларды кетіріп жатыр. Сондай-ақ қаланың ішіндегі мұз айдындары еріп, Республика алаңында орналасқан сырғанақ та бұрыңғы қалпын жоғалтқан.
- Алдағы күндері еліміздің шығысында күн жылы болады. Ал 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ауа райы құбылмалы болып, ауа температурасы оңнан теріске дейін ауытқиды. Биыл желтоқсан айында ауа райы жылы болса да, біздің өңір үшін аномалия емес, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.