Өскеменде Құрбан айт күндерінде құрбандық шалатын арнайы орын ашылды

1070
көрілім
Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ізгі ниетті мұсылман қауым Өскемен қаласынан Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіне барар жолда орналасқан «Телемұнара» аялдамасының маңындағы «Мұхамади» шаруа қожалығында құрбандық шала алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жылына бір рет болатын Құрбан айт мейрамы биыл қырқүйек айының 1-3 аралығына түсіп отыр. Өңірімізде қасиетті мерекеде құрбан шаламын деушілердің аз еместігі белгілі. Сондай пейілі ақ жандар Өскемен қаласынан Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіне барар жолда орналасқан «Телемұнара» аялдамасының маңындағы «Мұхамади» шаруа қожалығында құрбандық шала алады.

— Келушілер қой таңдап, молда құран оқығаннан кейін малды талапқа сай салынған мал сою пунктіне апарып, қасапшыға сойғызып ала алады, — дейді «Мұхамади» шаруа қожалығының басшысы Мұхаметбек Мұхамадиев, — Бірден малдың бас-сирағы үйітіліп, ішек-қарны тазаланады. Қойдың бағасы да арзан. Мал сатып аламын деушілерге есігіміз әрдайым ашық.

Біздің анықтама

Қасиетті мерекеде құрбандық шалғыңыз келсе «Мұхамади» шаруа қожалығына: 8 (705)-419-90-10, 8 (702)-861-07-47 телефон нөмірлері арқылы қоңырау шала аласыз.