Қазан айының 17-сі күні сағат 9.00-де облыс орталығының «Fresh market» гастрономының жанында Күршім ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жәрмеңкеде Күршім ауданының кәсіпкерлері өздерінің экологиялық таза өнімдерін ұсынатын болады.
– Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөністер ұсынылмақ. Сіздерді ауданымыздың жәрмеңкесінде күтеміз, – делінген мәліметте.