Осы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі «ТНП» дүкені көлік тұрағында (Сәтпаев даңғылы, 39 мекенжайы) өтетін жәрмеңкеде Күршім ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі наурыз айының 16-ы күні сағат 8:00-де басталады.