Өскеменде қылмыстық-атқару жүйесінің бұрынғы қызметкері мас күйінде көлік жүргізген

163
көрілім
Фотосурет: Egemen.kz

Ер адам 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 маусым күні бұрын қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істеген азамат мас күйінде рөлге отырған. Тәртіп сақшылары оны Ертіс көпірінде тоқтатты.
Медициналық тексеру оның жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын растады. Сот азаматты кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.