Өскеменде қылмыстың алдын алуға бағытталған онкүндік өтуде

325
көрілім

Облыс орталығында салауатты өмірді насихаттау, маскүнемдіктің, есірткі және уытты заттарды тұтынудың алдын алу онкүндігі аясында әңгіме-дәрістер мен көрсетілімдік профилактикалық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

- Салауатты өмір сәйкестігі – бірқалыпты болу, қозғалыс режимінің оңтайлығы, дене шынықтыру, дұрыс тамақтану, жұмыс режимінің рационалдығы, осы және тағы басқа дұрыс ұстанымдар әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар үшін қағида болуы қажет, - дейді Әскери полиция бөлімінің патрульдік қызметінің бастығы А.Қошқаров.

Аталған шара Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен Шығыс Қазақстан облысы Қорғаныс істер жөніндегі Департаменттің жеке құрамының қатысуымен өтті. Қойылған сұрақтар қатарында әскери қызметшілердің алкогольдік немесе есірткі заттарын қолдану мен мас күйінде жасаған қылмыстар тақырыбына дейін қозғалды.

Әскери полиция бөлімшесінің кинологы сержант М.Жанкеновтың қатысуымен «Пэгги» лақап атты қызметтік ит көмегімен есірткі заттарын сақтау және пайдалану деректерін анықтауға бағытталған профилактикалық жұмыстары көрсетілді.

ШҚО Қорғаныс істер жөніндегі Департаменттің бастығы полковник Қайырбек Қайырқановтың пікірінше, мұндай шаралар қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуда және жас буын әскери қызметшілерді салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырмақ.