Өскеменде мас адамды көлік қақты

370
көрілім
Шартты фотосурет

Ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 15 мамыр күні кешкісін Согринская көшесінде жол апаты болған. Қалай қаққанын байқамапты. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жетіп, жағдайдың ақ-қарасына үңілген.

- Кешкі сағат 21:00 шамасында «Toyota» көлігінің жүргізушісі мас күйдегі ер адамды қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілер жоө жермен, яғни жол ортасыннан кесіп өтпек болған, - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам түрлі дәрежелегі жарақат алған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.