Қараша айының 5-і күні «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Жаңа-Согра кентінде 51 жастағы тұрғынның басқаруымен «Honda» автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, ер адам бұдан бөлек, 2019 жылдан бастап 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, соған қарамастан көлік құралын басқаруын тоқтатпаған.
- Куәландыруға сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйде болған. Көлік мамандандырылған автотұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК- нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.