Таяуда ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Өскемен қаласы Карбышев көшесінде жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін «Mitsubishi» маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 24 жастағы жүргізуші фаралардың жақын шамын қоспаған. Бұл кешқұрым болған жағдай.
Тексеру кезінде жүргізушінің сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы, сөйлесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрғаны, сөйтіп оны медициналық куәландыру үшін наркологиялық диспансерге жеткізілгені анықталды.
– Қорытынды жүргізушінің «орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде» екенін көрсетті. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.