Өскеменде мектеп директорларына жемқорлық құқықбұзушылықтары түсіндірілді

476
көрілім

Сәуір айының 21 күні күні Зерек орталығы негізінде Өскемен қаласының мектеп директорларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған шара ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Мейіргүл Сахариева, өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Арайлым Есімбекова қатысты.

Кездесу барысында Мейіргүл Сахариева Қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтармен таныстырып, парасаттылық, адалдық қағидаларын насихаттау жұмысына белсене атсалысуға шақырды.

Ал штаб жетекшісі Арайлым Керімбекқызы білім беру саласында болған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар статистикасымен таныстырып, мектеп директорларын жұмыстарында парасаттық, әділеттілік, адал еңбек қағидаттарын ұстану арқылы ұстаздар мен мектеп оқушыларына үлгі болуға шақырды. Шара соңында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.