Өскеменде мектепте оқушыны пышақтап тастады

429
көрілім
Өскемен қаласындағы мектепте екі оқушының арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан, деп хабарлады Buqara.kz сайтының тілшісі. 
 
Оқиға бүгін қаладағы орта мектептердің бірінде болған. Екі оқушы өзара ерегесіп қалған. Сол кезде жасөспірімдердің бірі қалтасынан жиналмалы пышақ алып, қарсыласына сұғып жіберді. 
 
Ол өзіне де абайсызда дене жарақатын келтірген. ШҚО полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
 
«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда. Бақылау камераларының бейнежазбалары зерттелуде. Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.