Өскеменде Мемлекеттік корпорация жас жұбайлар мен ата-аналарды алғашқы құжатын алуымен құттықтады

1163
көрілім

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары Мемлекеттік корпорацияға берілді. Бүгін некеге тұрған алғашқы жас жұбайларды, сондай-ақ туу туралы куәлік алған жаңа туған нәрестелердің ата-аналарын филиал басшылығы құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараны «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы акция өткізіп, филилал директоры АХАТ бөлімшелерінде құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мөрі бар құжаттарды бере бастады. Естеріңізге сала кетейік, неке қию әлі де АХАЖ бөлімдерінде тіркелуде.


- Біз Мунджон мен Айдана жас жұбайларымызды құттықтай отырып, оларға бірге ұзақ және бақытты өмір тілейміз. Олардың некелері сүйіспеншілікке, құрметке және өзара түсіністікке толы болсын. Сондай-ақ, облысымыздың барлық тұрғындарына электронды Үкімет порталы арқылы некені тіркеуге онлайн - өтініш беру мүмкіндігі бар екенін еске салғым келеді, - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.
Бұл ретте жас жұбайлар «бүгінгі күн біз үшін өте маңызды күн, мемлекеттік корпорациядан келіп өздері құттықтағаны үшін алғыс айтамыз» деп қуаныштарымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, некені тіркеуге өтініштерді қарау, сондай-ақ шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ органдарымен жүзеге асырылады. Некені тіркеуге өтініш берген кезде салтанатты жағдайда жас жұбайлардың неке қиюды қалайтынын немесе қаламайтынын таңдау мүмкіндігі сақталады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап некені тіркеу мемлекеттік баж салығы 3 874 теңгені құрайды.