Өскеменде мердігер жылу желілерін жөндеу барысында ескі құбырларды орнатпақ болған

859
көрілім

"Өскемен жылу желілері" АҚ деректері бойынша мердігер ұйым пайдаланылған құбырларды жаңартып қайта орнатуды жоспарлаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Алғашында зертханалық тексерулер барысында ешқандай бұзушылық тіркелмеген. Алаяқтықтың алдын алу Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің арқасында мүмкін болды.

- "Өскемен жылу желілері" АҚ тарапының жәрдемдесуі мен Экологиялық тергеу департаменті қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында сапасыз құбырларды монтаждаудың алдын алуға және қала тұрғындарын уақытылы және сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді, — деп мәлімдеді "Өскемен жылу желілері" АҚ мамандары. 

Әлижан Төлеужан