Өскеменде «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

622
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменде «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесі отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынға кеңес мүшелерімен облыстық мәдениет және білім басқармасының өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы Әскерхан Хуанбай жиынға қатысушыларға өткен жылы аймақтық кеңестің атқарған жұмысы туралы есеп берді.
 – Өткен жылы «Miras» аймақтық кеңесінің 6 отырысы өткізілді онда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша 17 сұрақ, қоғамдағы мәдениет, тіл саясатына байланысты 10-нан астам сұрақ қаралып, тиісті басқармаларға 12 ұсыныс хаттамалық тапсырма ретінде берілді. Басқармалар тарапынан берілген ұсыныстар назарға алынып, хаттамалық тапсырмалар уақытылы орындалды.
Деседе кейбір жергілікті атқарушы органдардың берген қағаз жүзіндегі ақпараты іс-жүзінде алшақтықтар болды. Оны кеңес мүшелері нысандарға мониторинг жасау барысында анықтады. Алдағы кезде мұндай олқылықтар болмау үшін кеңес мүшелері тарапынан бақылаушылық шараларын күшейтуіміз қажет, – деді «Miras» аймақтық кеңесінің төрағасы ӘскерханХуанбай.
Отырысқа қатысқан кеңес мүшелері қазақша комикстер мен қазақ тілді контенттер жасауды қолға алуды және балалар жылына орай ертегілер байқауын өткізу қажет деген өз ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар білім және мәдениет сынды басқармалардың шығармашылық ұйымдармен жұмысты жандандыру қажеттігінде ескертті.