Өскеменде мобильді қосымша арқылы несие ресімдеген ер адам қолға түсті

344
көрілім
Шартты фотосурет

Қыркүйек айының соңында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына алаяқтық жөнінде шағым түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметін ұсынған мәліметке сүйенсек, тәртіп сақшыларына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, тамыз айының 5-і күні белгісіз біреудің ғаламтор желісі арқылы жеке деректерін пайдаланып, мобильді қосымша арқылы 192 000 теңге мөлшерінде онлайн несие ресімдегенін жеткізген.

 - Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіден жауап алып, кейін ол кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.