Өскеменде мопед мінген жасөспірім автобустың астында қалды

168
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден
6 тамыз күні сағат 20:50 шамасында қаладағы Черняховский-Полтавской көшелерінің қиылысында «ПАЗ» автобусының жүргізушісі солға бұрылғанда қарсы бағытта келе жатқан «Khan moto» мопедіне жол бермеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Автобус пен мопед соқтығысынан мопед жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала реанимация бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Ота жасау жоспарлануда. Баланың аяғы сынып, көптеген жарақат алған. Өкпе тіндері жарылып, миы шайқалған. Ана мен бала орталығының дәрігерлері оған жан-жақты көмек көрсетуде.
- Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.