Өскеменде мопед тізгіндегендердің қатысуымен жол апаты жиілеген

207
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден
Жақында ғана Назарбаев даңғылының бойында осыған қатысты келеңсіз жайт тіркелген еді. Сол кезде 17 жасар шағын мотокөлік жүргізушісі жол апатынан зардап шеккен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемен қалалық әкімдігінде мопедтер немесе электр скутерлері сияқты шағын екідөңгелекті көліктерді пайдалану мәселелері талқыланды. Мопед тізгіндеушілердің қатысуымен болатын жол апаттарының саны күн санап артуда. Бұл мәселе соңғы кездері қоғамның қызу талқысына түсуде. 
- Басқа қалалардың тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көліктерді дұрыс пайдаланбаудың салдары қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Әсіресе, жасөспірімдердің арасында шағын мотокөліктерді тізгіндеу мәселесіне ерекше назар аудару керек. Жол қозғалысы туралы заңнамада арнайы қойылған талаптар бар, біздің міндет олардың орындалуын қадағалау, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Кеңес барысында осындай қауіпті болдырмаудың алғышарттарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.