29 мамыр күні Меновное кентінде жол апатынан 31 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 60 жастағы жүргізуші негізгі жолға шығып, сол бағытқа бұрылмақшы болған. Ол жол үстінде келе жатқан мотоциклді өткізбей, соқтығысып қалды.
Мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақаттан облыстық мамандандырылған медициналық орталықта қаза болды.
Toyota Land Cruiser маркалы көлігінің жүргізушісі Қылмыстық Кодекстің тиісті бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан шектелді. Сонымен қатар сот оны бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.