Өскеменде мүгедек жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі

651
көрілім

Өскемен қаласының Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 27 сәуір күні сағат 10:00-ден бастап Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.

Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жәрмеңкені өткізудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдау. Жұмысқа орналасуға немесе жұмысын ауыстыруға ниет білдіргендер үшін әр түрлі саладағы және өнеркәсіп, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім беру және мәдениет қызметтерінің бағытында шамамен 20 кәсіпорын мен ұйым жұмыс орындарын ұсынады. Олардың арасында «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК, «Силумин Восток» ЖШС, «Құндыз» ЖШС, «Ертіс концерт» КМҚК мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Мегастрой-Өскемен» ЖШС, «Бипэк Авто Казахстан» ЖШС, «Асыл Алтын бесік» балабақша-бөбекжайы» мектепке дейінгі мекемесі, «Өскемен қаласы әкімдігінің Өскемен-Тәртіп» ШЖҚ КМК, «Дарын» Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС-і және т.б кәсіпорындар бар.

Қаланың кәсіпорындарымен 40-тан астам бос орын экономист, жобалау инженері, стандарттау бойынша инженер, инженер-технолог, цех мастері, программист, жүйе әкімгері, клиенттер қызметі маманы, бейнежазба тексерушісі, ЗЖС операторы, тәрбиеші, делдарлармен жұмыс менеджері секілді мамандықтарды ұсынады.

Сондай-ақ жәрмеңкеде кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Онда барлық келушілер жұмыспен қамту қызметінің мамандарынан жұмысқа орналасу және қайта оқыту, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру бойынша ақпарат алуға, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ШҚО бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті, ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өкілдеріне сұрақ қоюына, қалалық бос жұмыс орындары банкімен танысуға, атаулы және тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша кеңес алуға, «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы түсіндірме алуға мүмкіндік туады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға қоңырау шалуға болады: Аубакиров Савет Жұмағазыұлы, тел.55-13-46

Buqara.kz