Өткен демалыс күндері облыс орталығындағы Метеллургтер Мәдениет сарайы маңында трамвай қозғалысы қиындаған еді. Белгілі болғандай «Қазақфильм» киностудиясы түсірілім жұмыстарын жасаған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Қалалықтар жексенбі күні қоғамдық көлікті молынан күткен. Куәгерлердің айтуынша, трамвай жолы талтүсте және түстен кейінгі уақытта екі рет жабылған. Бүгінде таңертең актерлер жиылып, бірнеше кадр түсірді.
– Трамвайлардың кешігуі – ақиық ақын жайлы фильмнің түсірілім жұмыстары. Ағымдағы жылдың көктем мезгілінде басталған еді. Осы айда жалғасты. Соған байланысты трамвай жүрісінде қысқа үзілістер болды. Үш рет 30 минутқа дейін жолды жаптық. Қазір барлығы орнына келді. Ешқандай қиындық жоқ, – деді «Өскемен тасымал компаниясы» ЖШС-нің басшысы Михаил Чайка.
«Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінде аталған жайт бойынша растады. Түсірілім жұмыстары әлі де жалғасуда.