Өскеменде облыстық этнофестиваль өтті

429
көрілім

Облыс орталығында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты қорытынды этнофестивалі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараның мақсаты - облысы аумағында тұратын түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлі мәдениетін сақтау және насихаттау. Сонымен қоса ұлтаралық ынтымақтастықты нығайту.

- Ұлттық өнерімізді қолдап, осындай туындылармен бай мұрамызды одан әрмен байытып жатқан шеберлерімізге алғысымыз шексіз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан этнофестиваль біздің елдігіміз бен бірлігімізді нығайта түседі деген үміттемін, - деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Мәдени шара барысында этнос өкілдерінің бай мұрасынан сыр шертетін сәндік-қолданбалы бұйымдар көрмесі ашылды. Аса шеберлікпен жасалған бұл дүниелер көздің жауын алады. Көрмеге тек қолөнер бұйымдары ғана қойылған жоқ, сонымен қатар түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары да қойылды. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.

Таунар ҚАЙРАТ