ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімінің офицерлерлі қасиетті Рамазан айында «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Елімізде короновирус пандемиясына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, карантиндік режим әлі де жалғасуда. Сол себепті Өскемен әскери-тергеу бөлімінің жеке құрамы қаламыздағы шынымен қолдауға мұқтаж, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетуді жөн көрдік, – дейді подполковник Дархан Қасенов.