Өскеменде оққа ұшқан жігіт танымал спортшы болған

429
көрілім

Спортшы жігіт Эльяр Юнусметов «Барыс QTT» және джиу-джитсу бразилиялық клубында жаттығып жүрген, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде атыс болған сәт көрінген бейнежазба тараған еді. Көпқабатты үйдің ауласында келе жатқан жігітті белгісіз біреу атыс қаруымен екі рет атқан.   Анықталғандай, бұл оқиға Қазақстан (А.С.Пушкин атындағы кітапхананың маңы) көшесінде болған. Жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Көп ұзамай күдікті Абай даңғылында қолға түсті.
Кейін белгілі болғандай, қаза болған жігіт 1990 жылғы спортшы., Үлкен Нарын ауданының тумасы. Қаржы-экономика колледжінде білім алып, «заңгер-кеңесші» мамандығын тәмамдаған. Әскерге барып, борышын өтеген соң спорттан үлкен жетістіктерге қол жеткізген.
Қатонқарағай ауданы әкімдігінің мәләметіне сүйенсек, Эльяр Юнусметов – жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі спорт шебері; кикбоксингтан спорт шебері; кудодан спорт шебері; Жекпе-жектен Евразия чемпионы мен әлем Кубогының иегері; «Катундегі шайқас» (Ресей Федерациясы) атты додада Гран-придің жүлдегері болған.
Оның спортқа деген ынтасын байқап, алғашқы жаттықтырушысы болған  – әкесі. Ең бірінші қадамы да әкесінің демеуімен 5 жасынан басталды.
Танымал спортшы Эльяр Юнусметов туған жерінде жерленді.