Өскеменде мектеп оқушысы Ертіс көпірінен секірмек болды. Бұл туралы Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- Өскемендегі Ертіс көпірінен кәмелеттік жасқа толмаған қыз секіріп өлмек болды. Оқиға орнына жеткен полиция аға сержанты Жасұлан Бекболатұлы мен лейтенант Азамат Ибраимов төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге көпірден секіргелі тұрған 11-сынып оқушысына жақындап барған. Сақшылар қызды сөзге тартпақ болғанымен, ол жарты сағат бойы үнсіз тұрған. Төтенше жағдай және полиця қызметкерлері қоршаудың жан-жағынан таяна бастаған. Құтқарушылардың бірі оған жүгіріп барған кезде полиция қыметкері оны ұстап алған. Полицияның аға лейтенанты Жасұлан Бекболатұлы мен ТЖ қызметкерінің бірлескен кәсіби-шұғыл әрекетінің арқасында қыз бала құтқарылды, - дейді Өскемен қаласының полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраев.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 16 жастағы қызбен психолог мамандар сөйлесті. Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.