Өскеменде оқушылар мен студенттерге арналған журналистика үйірмесі ашылды

765
көрілім

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада оқушылар мен студенттерге арналған журналистика үйірмесі ашылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

"Жас тілші" деп аталатын үйірмеге қатысушылар журналист жұмысының қыр-сырымен танысып, мақала жазуды, ақпаратпен жұмыс істеуді үйренеді. Үйірме тегін.

Үйірмеге журналист болуды армандайтын 9-11-ші сынып оқушылары мен студенттер қатыса алады. Үйірме тәлімгері - Шығыс Қазақстан облыстық "Менің өлкем" газетінің бас редакторы Талғатжан Мұхамадиев.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса 8 747 746 49 82 телефон нөміріне хабарласуға болады.