Өскеменде оқушылардың үздік эсселері кітап болып басылды

64
көрілім

Өскемен қаласында оқушылардың Тәуелсіздік, республика, ел туралы жазған үздік эсселері кітап болып басылып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайты.

Қала әкімдігі ел болашағын ту еткен жастар арасында эссе байқауын өткізген болатын. Сондағы ең үздіктері жеке кітап болып басылды.

- Жастардың көпшілігінің қазірден бастап Тәуелсіздік, республика, ел туралы байыпты ойлар айтып жүргеніне аса қуанамын. Өткен жылдың желтоқсан айында оқушылар арасында Тәуелсіздік күніне арналған эссе байқауын өткізгенде терең ойлы керемет жұмыстардың көптігіне таң қалған едік. Сол кезде бізге де бір идея келді. Ең жақсы 50 эссені таңдап алып, жинақ қылып басып шығардық, - дейді Өскемен әкімі Жақсылық Омар.

Таяуда осы жинақтар жас авторларға салтанатты түрде табысталды.

- Бұл шағын сыйлығымыз балаларға азаматтық сана тақырыбын тереңірек зерттеуге ынталандырады және оларды өмір жолындағы жетістіктерге жетелейді деп үміттенемін, - дейді әкім.