Өскеменде Ораза айтта-10 шара өтті

586
көрілім
Фотосурет ҚМДБ Өскемен аймағы бойынша баспасөз қызметінен алынды.
Қасиетті Рамазанның ораза айт мерекесі Өскемен қаласында салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз тілшісі ҚМДБ Өскемен аймағы бойынша баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы Құран оқып, жұртшылықты Ораза айтпен құттықтап, елімізге амандық тілеп, келесі Рамазанға аман-есен жетуге дұға жасады. Соңынан асыл діннен ғибратты уағыз айтты.

Айт намазы оқылған соң қала тұрғындары бір-бірін құттықтап, «Халифа Алтай» мешітінің алдында айт мейрамы басталып кетті.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен «Ораза айтта-10 шара» жобасы бойынша кезек-кезегімен спортық жарыстар жүрілді.

Жамағат арасында қой көтеру сайысына қатысушылар аса көп болғанымен 400 мәрте көтеріп, күшін көрсеткен қатысушыға қой бұйырды. «Қымызды кім көп іше алады» жарысына қатысушылар арасынан қала тұрғыны 2 литр қымызды басқалардан бұрын тауысып, сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар арқан тарту, кір көтеру, қол күрес, тымақ ұру қатарлы бәсекелер жүріліп, жеңімпаздар марапатталды.

Алғаш рет шалма лақтыру атты ұлттық сайыс өтіп, оған қатысушылар қарасы көп болды. Ептілік пен жылдамдықты қажет ететін бұл жарыс мереке көрігін қыздырды. Сайыстарға қатысып, жеңімпаз болғандарға бағалы сыйлықтармен қатар «ЭКСПО 2017» көрмесінің билеттері үлестірілді.