Өскеменде өрт ошағынан 91 жастағы кейуана құтқарылды

349
көрілім

Леваневский көшесіндегі үйдің бірінде өрт шыққан. Үй иесі куәгерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Рүстем Болатов пен Айбек Абдильдабеков Леваневский көшесімен кездейсоқ кетіп бара жатып үйлердің бірі өртеніп жатқанын көрген, – деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. – Құтқарушылар үйге кірген бойда қарт әжені көрген.
Кейуана уақытында құтқарылып, денсаулығына еш зиян келмеген.
Өртенген жер аумағы 28 шаршы метрді құрады. Оқиға себебі – өрт қауіпсіздігін сақтамау.