Өскеменде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған тұрғын үйден өрт шықты

111
көрілім


Өскеменде Павлов көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шықты деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өрт сөндірушілер келген кезде ағаш жабын конструкциялары, шатырлар, тұрғын үй-жайдың пластикалық терезе блоктары жанып жатты. Өрт сөндіру бөлімшелері 255 шаршы метр алаңда өрт толығымен сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Шемонаиха қаласында Якутская көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстардың ағаш конструкциялары мен шатыры жанып кетті. Құтқарушылардың жедел іс-қимылымен 42 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді. Өрт себебінен пешпен жылытуды орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.
ШҚО ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.