Өскеменде өрт кезінде ер адамды күйік шалды

285
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Өрт маусым айының 19-ы күні Қанипа Бітібаева көшесіндегі бес қабатты үйден шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, оқиға орнына жеткен қызметкерлер тоғыз  адамды эвакуациялаған. Өрт сөндірушілер келгенше пәтерлердің бірінен ер адам өзі шығып үлгерген, – делінген мәліметте.

Зардап шеккен тұрғынның денесін бірінші дәрежелі күйік шалғаны белгілі болды. Оның 1974 жылы дүниеге келгені анықталды. Денесін күйік шалса да ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.