Өскеменде өрт салдарынан зейнеткер қаза болды

412
көрілім

Көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, нәтижесінде 83 жастағы зейнеткер әйел қаза болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Өрт 17 желтоқсанда түн мезгілінде Мызы көшесіндегі көпқабатты үйден шыққан, - дейді ТЖБ баспасөз қызметі. - Төсек-орын жабдықтары мен еден өртенген.

Қызметкерлер пәтерден ес-түссіз жатқан әйел адамды алып шықты.

- Жедел жәрдем бөлімінің қызметкерлері 1936 жылғы әйел адамның қайтыс болғанын анықтады. Өлімнің себебі - көміртегі тотығымен улану, - деп хабарлады ТЖБ.

Құтқарушылар өрт болған тұрғын үйден 8 адамды эвакуациялады.