Өскемендегі Астана көшесінде бесқабатты үйден өрт шықты. Үшінші қабаттағы пәтер жалынға оранған.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дер кезінде жұмылдырылған. Өртенген пәтерде ешкім болмаған. Барлау кезінде кіреберістегі газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны қарт әйелді тауып, оған ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағы бастығының көмекшісі Нұртас Нұрсейітов көмектесті. Тұрғын үйден эвакуацияланған 10 адамды өрт сөндірушілер «Вахта» жылы көлігіне жайғастырған.
Пәтерде,бөлмедегі жиһаздар, жеке заттар жанып, сонымен қатар өрт балконды және көршілердің балконындағы төсеніштерін шарпыған. Құтқарушылардың жедел әрі біріккен қимылының нәтижесінде жалпы ауданы 33 шаршы метр өрт жойылды.
Барлығын жоюға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 15 қызметкері , 5 техника жұмылдырылды.
Муратканова Ариана