Өскеменде өрт сөндіруші өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып алды

519
көрілім

Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп өлмек болған Өскемен қаласының жас тұрғынын сол маңнан өтіп бара жатқан №2 қалалық өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев аман алып қалды. Жүргізуші көлігінің видеотіркегішіне қыздың көпір жақтауына шығып өзенге секірмек болған сәті түсіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілгшісі ШҚО ТЖД сілтеме жасап.

— Ертіс өзеніндегі көпірден өтіп бара жатқан едім. Бір сәтте көпір жақтауына шығып суға секірмек болған қызды көрген кезде көлігімді кілт тоқтатып, жүгіріп шығып оны ұстай алдым. Артымда келе жатқан көліктегі әйел де тоқтап көмекке жүгірген екен. Өз-өзіне қол салмақ болған қызды тәртіп сақшыларына тапсырдым, — деп Виталий Бақтыбаев болған жайды баяндап берді.

Қызды мұндай әрекетке баруға не итермелегені белгісіз.

Виталий Бақтыбаев өте қарапайым адам. Ола аталмыш өрт сөндіру бөлімінде 17 жыл бойына жұмыс істеп келеді.

Азамат Темірбеков

Фотосурет ШҚО ТЖД ресми сайтынан алынды