Оқыс оқиға Аврора көшесіндегі жер үйде орын алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Өртті жақын маңдағы полиция қызметкерлері байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары зейнеткерді көреді.
- Өкіншіке орай 1930 жылғы зейнеткерді құтқару мүмкін болмады, - деп хабарлайды Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі.
Қызыл жалын шарпыған жалпы аумақ 3 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болуы мүмкін.