Облыс орталығында жалауын көтеретін еркін және әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатының алғашқы белдесулері сағат 11:00-де басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте наурыз айының 2-5 аралығында өтетін сайыста аймақ намысын қорғайтын спортшылар тізімін ұсынуды жөн көрдік. Мәлімет ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған екен. Бір айта кетерлігі, аталған тізімге 74 және 79 келіге дейінгі дәрежеде белдесетін Шыңғыс Мұхаметқалиев пен Диас Асқаров ілінбеген екен.
Еркін күрес:
Сұлтан Құрманалиев 57кг
Заңғар Қабылбеков 57кг
Мұхтар Сейітов 61кг
Мұхамед Балғабай 61кг
Нұрсұлтан Серік 61кг
Олжас Чакеев 61кг
Олжас Олжақанов 65кг
Досымбек Тайбазаров 65кг
Нұрслям Қабланов 65кг
Досжан Әсетов 70кг
Еламан Ерболұлы 70кг
Асет Баурыжанов 70кг
Асет Капанов 70кг
Ілияс Ерболатов 70кг
Женіс Қаныбеков 70кг
Самат Қалтаев 70кг
Айдос Жылқайдаров 74кг
Әділ Жақсыбаев 74кг
Айбар Жылқайдаров 79кг
Муслим Лунин 79кг
Тілек Қабыкенов 79кг
Нурдаулет Бекенов 92кг
Дархан Тұрдин 92кг
Қыздардан:
Алина Вольф 68кг
Алтынай Агзанова 50кг
Жамилә Қалиакпер 59кг
Таннур Кенжебекова 53кг сынды спортшылар бозкілемге беттейді. Бәсекенің көрермендерсіз өтетіндігін айта кеткен жөн.