Өскеменде өтетін жәрмеңкеде Аягөз ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ

682
көрілім

Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Облыс орталығындағы «Freshmarket» фермерлік гастрономының алдында (Сәтпаев даңғылы) өтетін жәрмеңкеге Аягөз ауданының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланбақ. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни мамыр айының 25-і күні сағат 9:00-де басталады.