Өскеменде «Парасаттылық мектебі» көшбасшы студенттерге арналған семинар өтуде

357
көрілім

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО филиалы студенттермен семинар өткізуде. Аталған шараға кез-келген жоғарғы оқу орындарының студенттері 10-14 маусым аралығында қатыса алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


- Семинардың мақсаты — жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру. Сонымен қатар жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет көрсете білетін жастарды даярлау. Академияның барлық филиалдарында өткізіліп жатқан бұл семинарға қатысуға ниет білдірген студенттер де көп, - дейді облыстық филиалдың директорының міндетін атқарушы Айжан Масенова.

Келушілермен арнайы тренерлер, психологтар мен мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы департамент мамандары әңгіме-сұхбат жүргізуде. Бұл шығармашылығы дамып, өз ойын еркін жеткізе білетін эмоционалдық жағынан нығайған жастар мектебі болып табылады.


Қатысушылар жемқорлықтың мемлекетке тигізетін кесірі жайлы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар түрлі жұмыстар мен жобаларды орындауда.

Аталған шараға студенттерді арнайы эссе жазғызу арқылы іріктеген.


- Өйткені тілек білдірушілердің дені болашақта мемлекеттік қызметкер болғысы келетін жастар. Ал филиал ретінде біз мұндай мектепті  алғаш ашып, үйретудеміз, - дейді ұйымдастырушылар.


Айта кетейік, бұл шара республикамыздың барлық өңірінде бір уақытта басталған. Семинар-тренингтен өткен студенттерге арнайы сертификаттар да табысталмақ.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ